Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Египетте ковидтің жаңа «эрис» штамының екі жаңа жағдайы анықталды

AstanaTV
23.08.2023ж. 19:18
836
Египетте ковидтің жаңа «эрис» штамының екі жаңа жағдайы анықталды

Мысырдың Денсаулық сақтау және тұрғындарды қоныстан дыру министрлігі елде COVID-19-дың жылдам таралатын EG.5.2 штамының расталған екі жағдайының анықталғаны туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Штамм бейресми түрде «Eris» деген атауға ие болған.

«Тұмауға ұқсас аурулар, жіті респираторлық аурулар және пневмония жағдайларын мониторингтеу орталықтарының талдау нәтижелері Сovid-19-дың омикрон штамының екі оң жағдайын растады», - деп хабарлады ведомстводан.

Министрлік екі науқаста да жеңіл клиникалық белгілер бар екенін және қазіргі уақытта екеуінің де сауығып келе жатқанын атап өтті.

Египеттің денсаулық сақтау министрінің профилактикалық медицина жөніндегі көмекшісі Амр Кандил азаматтарды жаңа штамм бұрынғы нұсқаларға қарағанда әлсіз болғандықтан, қосымша профилактикалық шараларды қажет етпейтініне сендірді, деп хабарлайды Egypt Independent.

Министрліктің профилактикалық медицина бөлімі ауру қоздырғыштарын және инфекция көрсеткіштеріндегі кез келген өзгерістерді ерте анықтау үшін бүкіл ел бойынша жедел респираторлық инфекцияларды мұқият бақылайды.

Бұл жүйе бүкіл ел бойынша 450 аурухананы үнемі бақылауда ұстайды, сонымен қатар тұмауға ұқсас аурулардың жағдайлары үнемі тіркеледі. Профилактикалық медицина бөлімшелерінде бұл науқастардан тұмау, COVID-19 және респираторлық синцитиальды вирусқа (РСВ) тесттер жүргізу үшін жұтқыншақ пен мұрын жағындылары алынады.

EG-5.2 симптомдары жеңіл болғанымен, министрліктің мәліметінше, әсіресе егде жастағы, созылмалы аурулары бар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар сияқты инфекцияға ең осал топтар үшін бустерлі дозада екпе салу әлі де ұсынылады.

Eris жайлы не білеміз?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, EG.5-тің жаһандық таралуы бүкіл әлемде маусым айының соңында коронавирус бойынша жалпы жағдай - 7,6%-дан 17,4%-ға дейін өсті.

Вирус соңғы уақытта сәтті вакцинация науқандарының арқасында төмендегенімен, ДДҰ 3 тамызда аяқталған 28 күндік кезеңде әлемде 1 миллионнан астам жаңа COVID-19 оқиғасы тіркелгенін айтты.