$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Аман-есен бауырыңа ал": Ләйлә Сұлтанқызы Ерке Есмахан мен Раимды құттықтады

AstanaTV
25.08.2023ж. 11:44
5059
"Аман-есен бауырыңа ал": Ләйлә Сұлтанқызы Ерке Есмахан мен Раимды құттықтады

Әнші Ерке Есмахан күні кеше сүйінші сұрап, көпшілікке бейнебаяны арқылы аяғы ауыр екенін жеткізген болатын. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жұлдызды жұпқа тілегін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ерке, аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал. Өздеріңе шығармашылық табыс тілеймін", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. Айта кетейік, ерлі-зайыпты Раим мен Ерке Есмахан көпшілікке алғашқы бірге орындаған әндерін ұсынды. "Бұл махаббат" деп аталатын әннің бейнебаянынан Ерке Есмаханның аяғы ауыр екенін көруге болады. "Сүйінші", - деп жазды Ерке Есмахан. Ал Youtube желісінде бейнебаянды көргендер бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізді. "Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт", "Керемет, сіздерді жақсы көремін", "Жарайсыздар", "Бөпеңізді аман-есен қолыңызға алыңыз", "Еркеге аяғы ауыр болған күшті жарасады, көзімнен жас шығып кетті", - деп жазуда желідегілер.