Испанияның Валенсия қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жекелей сында Қазақстан құрамасы лицензиясыз қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жекелей сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева мен Эрика Жайлауова қорғаған болатын. Іріктеу нәтижесі бойынша Жайлауова 19, Таниева 26-орын иеленіп, көпсайыс финалына өте алған жоқ. Осылайша, 14 Олимпиада жолдамасына отандық гимнастар қол жеткізе алмады. Ал доп жаттығуында Эльжана Таниева финалға шығып, жетінші орын алды. Енді 2024 жылы өтетін лицензиялық Азия біріншілігі мен Франциядағы әлемдік іріктеу турнирінде спортшылар Париж жолдамасына таласатын болады.