Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Шымкентте үшем дүниеге келді

AstanaTV
26.08.2023ж. 18:13
1798
Шымкентте үшем дүниеге келді

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары. 8 тамызда кесір тілігі жасалып, босандырып алынған 37 жастағы Арайлым Сарсенбекова үшеммен бірге күні кеше үйіне босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сәбилердің денсаулығында ақау жоқ. Анасымен бірге үшем нәрестелер күту бөлімшесінде екі аптаға жуық медициналық бақылауда боды. Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы", - деп хабарлайды дәрігерлер сөзін келтірген Otyrar.kz.

Сарсенбековтер әулетінде дүниеге келген үш бөбекке туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деп есім берген.