Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Гинеколог дегенді жылдар бойы көрмегендер бар". Ләйлә Сұлтанқызы әйелдер қауымына кеңес берді

AstanaTV
26.08.2023ж. 17:33
1354
"Гинеколог дегенді жылдар бойы көрмегендер бар". Ләйлә Сұлтанқызы әйелдер қауымына кеңес берді

Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы нәзік жандыларға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, әйелдер қауымынан түрлі мазмұндағы хаттар келеді. Соның ішінде ең маңыздысы денсаулыққа қатысты екен.

"5 жыл бойы @sultankyzy_slimпарақшасын белсенді түрде жүргіземін. Ол жер күнделік сияқты. Келетін хаттардың құрылымы әртүрлі болғанымен, мазмұны бір. "Мен күйзелістен қалай шықсам болады", "шаршап жүрмін" деген сарында… Ал ең нервым ауырып, іштей аяйтын хат ол денсаулыққа қатыстылар көбіне. Ауырса, бірден ауруханаға бармайды. Немесе қолхат жазып кететінін мақтанышпен айтатындар да арамызда жоқ емес. Өйткені баланы қарайтын, үй-ішіне шай беретін адам керек. Денсаулығы кетіп бара жатыр, арықтау керек. Бірақ үстелде қалған тамақты "ысырап болмасын" деп жеп қояды. Өзін жайсыз сезінсе де соңына дейін шыдайтын, гинеколог дегенді жылдар бойы көрмеген жандар бар. Бірақ бақыттың да, байлықтың да, жетістіктің де, білімнің де түбірі бір - денсаулық. ...Бойында жаны бар, еті тірі әр адам өзінің саулығын басқасынан биік қою керектігін айтқым келеді, жеткізгім келеді", - дейді ол.