Отандық әнші Ерке Есмахан жақында бейнебаян арқылы аяғы ауыр екенін хабарлаған болатын. Әнші Instagram парақшасында жаңа суретін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Алла Райымбекұлы немесе Райымбекқызы деп сүйінші сұрайтын күнге аман-есен жеткізсін", - деп жазды Ерке Есмахан.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырды.
Ерке Есмаханның оқырмандары арасында тіпті болашақ сәбидің жынысын болжап үлгергендер де бар.
"Аман-есен босанып алыңыз", "Сендер үшін өте қуаныштымын", "Қыз деп ойлаймын", "Керемет жұпсыздар", "Маған да бұйырсын", "Тіл-көзден сақтасын", - деп жазды желідегілер.