Белгілі блогер Аяулым Жорабаева әлеуметтік желіде жүрек тебірентер видео жариялады. Ол араға жылдар салып туған әкесін іздеп келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Блогердің күйеуі, танымал әнші Талғат Жорабаев та қайын атасымен енді танысқан.
"Өз анашым мені түсінеді, әрі қолдайды... Не де болса, барлығымыз бір жеңілдеп қалдық. Осыдан 23 жыл бұрын әкем мен анам өз қалауларымен екі жаққа кеткен болатын. Әкем екінші рет шаңырақ құрды, ол некеден тағы бір іні-сіңілім бар. Осы 2023 жылы әкеммен қарым-қатынасымды түзеп, арнайы қонақ болып, Тәкеммен қонаққа келдім... Әйгерімді (әкемнің екінші жары) толығымен түсініп, жүрегіммен қабылдадым... Бұл - тағдыр және менің анашым екеуі де өте жақсы қарым-қатынаста. Аллаға шүкір", - деп жазды Аяулым Жорабаева.
Сондай-ақ ол туған жерінен жүрегі тынышталып қайтқанын жеткізді.
"Себебі, әкем құшақтап, батасын беріп, шығарып салды. Енді тау қопаратындай күш-қуат алдым. Аллаға шүкір. Талғат екеуі сөйлесіп тұрғанын көрдім. Тәкем "папа" деп қояды. Әкемнің де жүрегі тынышталып қалған шығар", - деді блогер.