Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қайрат Нұртастың жүргізушісі Жамбыл облысында жол ережесін өрескел бұзды

AstanaTV
28.08.2023ж. 14:14
912
Қайрат Нұртастың жүргізушісі Жамбыл облысында жол ережесін өрескел бұзды
Видеодан алынған кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың көлігі Жамбыл облысының тасжолында жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті оқиғаға түсінік берді.

Жүргізушілер әншінің көлігін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы республикалық күрежолдан байқаған.

Түсірілген видеодан басып озу кезінде автомобиль жол ережесін өрескел бұзғаны көрініп тұр.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне ашуланды.

«Бейнежазбада көрсетілген көлікті Қайрат Нұртас жүргізген жоқ. Көлікті бастығына асыққан әншінің жүргізушісі тізгіндеп бара жатқан»,-деді Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Оқиға 25 тамызда Қордай ауданы Алматы-Ташкент автожолының 215-ші шақырымында болған.

«Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін «Mercedes-222» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 601-бабы (жол белгілері талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады ведомстводан.