Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ұлымен бірге отырған: танымал мәнерлеп сырғанаушы көлік апатынан көз жұмды

AstanaTV
28.08.2023ж. 14:34
759
Ұлымен бірге отырған: танымал мәнерлеп сырғанаушы көлік апатынан көз жұмды

Канадалық спортшы Александра Пол көлік апатынан қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

22 тамыз күні Онтарио провинциясында жүк көлігі жол жиегінде тұрған жеңіл көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 31 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Александра Пол көз жұмды.

Ол көлікте ұлымен бірге отырған. Қуанышқа қарай, спортшының сәбиі аман қалды. Александр Пол әріптесі Митчел Исламмен өнер көрсетіп, 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған. Кейін Сочи Олимпиадасына қатысып, 18-орын иеленеді.

2021 жылы Александра мен Ислам шаңырақ көтеріп, былтыр ұлдары дүниеге келген болатын.