Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Румынияда қуатты жарылыс болды

AstanaTV
28.08.2023ж. 16:43
757
Румынияда қуатты жарылыс болды

Румыниядағы сұйытылған газ станцияларының бірінде қуатты жарылыс болды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Оқиға ел астанасы Бухарестке жақын маңдағы Креведия қаласында болған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, жойқын апаттан 1 адам қаза тауып, 57 адам жараланған. 3 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, екі газ цистернасын өрт шарпыған. Салдарынан бірінен соң бірі, қос бірдей қуатты жарылыс болған.