Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Трамп түрмедегі суретінен миллиондаған табыс тапты

AstanaTV
28.08.2023ж. 22:26
1274
Трамп түрмедегі суретінен миллиондаған табыс тапты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың жақтастары саясаткердің түрмедегі суретінен миллиондаған табыс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп түрмедегі фотосын маркетингтік мақсатта сәтті пайдалануда. 24 тамыз күні Трамптың жақтастары президенттік науқан үшін түрмедегі суретті пайдалана отырып жасалған футболкаларды, стикерлерді, шарап стақандарын және басқа да тауарларды жарнамалау арқылы 7,1 миллион доллар жинады. Трамптың сайлауалды науқанына кем дегенде 47 доллар берген адамға бұрынғы мемлекет басшысының түрмедегі фотосы бар жейде сыйға берілді.

Ал 25 тамызда осы өнімдерді сату арқылы рекордтық 4,18 миллион доллар ақша жиналды. Трамптың түрмедегі суретінің астындағы жазу оның қазіргі сайлауалды науқанының ұранына айналды: "Ешқашан берілме!".

Бұған дейін америкалық БАҚ-та АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың тұтқындалу сәтіндегі суреті пайда болған еді.