Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Дейін бе, кейін бе деп есептегіңіз кеп тұр ғой": Ерке Есмахан оқырманының "астары бар" сұрағына жауап берді

AstanaTV
28.08.2023ж. 23:19
10110
"Дейін бе, кейін бе деп есептегіңіз кеп тұр ғой": Ерке Есмахан оқырманының "астары бар" сұрағына жауап берді

Отандық әнші Ерке Есмахан осыдан бірнеше күн бұрын аяғының ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын. Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырманының "астары бар" болуы мүмкін сұрағына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram желісінің stories бөлімінде айтты. Желі қолданушысының бірі әншіден "Қай айда, қай күні неке қиып едіңіздер? Ұмытып тұрмын", - деп сұраған.

Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, неке қидырған күнін айтты.

"Cұрақтың астары бар. Дейін бе әлде кейін бе деп есептегіңіз кеп тұр ғой, иә? Ай, қазағым-ай. Некеміз қаңтардың 19-ы қиылды", - деп жауап берді Ерке Есмахан.