«Әлем елдері биологиялық қаруға байланысты конвенцияны күшейту керек». Бұл туралы Америка құрама штаты Хадсон институтының әскери-саяси талдау орталығының директоры Ричард Вейц мәлімдеді. Ол өз мақаласында жаппай қырып-жоятын биологиялық қаруға байланысты кей елдердің әлі күнге дейін конвенцияға қосылмағанын сынға алған. Оның айтуынша, биологиялық қарудың қос мақсаты бар. Әскери және азаматтық мақсат та қолданылады. Сондықтанда оған бақылау жасайтын орган қажет деді. Конвенцияның кемшін тұсы да осы екенін жазған. Ол бұл тұста халықаралық атом энергиясын таратпау бойынша Қазақстан көшбасшылығын жоғары бағалады.
Ричард ВЕЙЦ, ХАДСОН ИНСТИТУТЫ ӘСКЕРИ-САЯСИ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Халықаралық қауымдастық биологиялық қару туралы конвенция алдында тұрған қиындықтарды жеңе алмайды. Инновациялық шешімдердің бірі Қазақстаннан келді, оның үкіметі ұзақ уақыт бойы таратпау саласындағы көшбасшылардың бірі болды.
Мақала «Вашингтон таймс» газетінде жарық көрген. Қазақстанның ядролық қарумен күресін ел сарапшылары да маңызды қадамдардың бірі деп санайды.
Ғазиз ӘБІШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Осы әлемді, осы жағдайды толық қолдаймыз. Себебі бізде прицидентіміз бар. Нигерия болса, Аргентина болса, Австралия болса, онда ядролық қару ешқашан болған емес. Ал бізде болды және біз өз еркімізбен бердік. Сондықтан бұл біздің өте маңызды аргументіміз.