Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақпарат және байланыс саласын қамтитын жаңа Заң жобасы әзірленуде

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
3388
Ақпарат және байланыс саласын қамтитын жаңа Заң жобасы әзірленуде

Ақпарат және байланыс саласын қамтитын жаңа Заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы арқылы БАҚ пен телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық тұрғыда реттеу күшейтілмек.

«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қазір талқылану үстінде. Бүгін Астанада осы мәселе бойынша құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Құжатта 200-ге жуық түзетулер қамтылған, сондай-ақ 4 кодекс пен 12 заңға да толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Мақсат - бұқаралық коммуникация технологияларын одан әрі дамыту. Талқылауға Парламент депутаттары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Ақпарат құралдары мен  қоғамдастық басшылары да шет қалмады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА