Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мәжіліс атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің отын банкін құру туралы келісімін мақұлдады

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
2920
Мәжіліс атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің отын банкін құру туралы келісімін мақұлдады

Төмен байытылған уран банкі Өскеменде сақталатын болды. Бүгін Мәжіліс атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің "Отын банкін құру" туралы келісімін ратификациялады. 90 тонна болатын МАГАТЭ ураны 60 целиндрмен жеткізіледі.

Уран қорын сақтайтын қойма Үлбі металлургия зауытының базасында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары алдағы жылдың көктемінде аяқталады. Сөйтіп уран қоры шілде айында қазақ даласына әкелінеді. Оның қауіпсіздігі, сақтау жолдары, күзеті тиісті деңгейде болады, - деп сендірді энергетика министрі. Төмен байытылған уран тек атом электр станцияларына отын ретінде сақталады. Айта кетерлігі, оған бюджеттен бір теңге де бөлінбейді, сонымен қатар қазынаға көк тиын пайда келмейді. Өйткені ол МАГАТЭ меншігі.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Әрине, ол бюджетке ешқандай түсім әсер етпейді. Бірақ Қазақстанның, біріншіден, «Қазатомпромның» нарықта және Үлбі металлургиялық заутының имиджін осы салады жоғары деңгейге көтеретін болады. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ