Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Ұл тауып берген анасына сыйласа болар еді": екінші әйеліне көлік сыйлаған Қыран Талапбекті халық қатаң сынады

AstanaTV
29.08.2023ж. 09:01
2712
"Ұл тауып берген анасына сыйласа болар еді": екінші әйеліне көлік сыйлаған Қыран Талапбекті халық қатаң сынады

Мобилограф, блогер Қыран Талапбек әйеліне көлік сыйлады.

Алайда, блогердің оқырмандары көлікке оның бірінші әйелі, ұлының анасы Айжұлдыз Адайбекованың лайық екенін жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көлікті ерекше етіп сыйлауды жөн көрген Қыран Талапбек әйеліне әуелі кішкентай көлікті сыйға тартып, пранк жасаған. Соңынан құны 53500 АҚШ долларынан басталатын Zeekr автокөлігін тарту еткен. Видеодан оның әйелі Гүлзада Тұрлаштың қуаныштан көзіне жас алғанын байқауға болады.

Гүлзада Тұрлаш өзінің Instagram парақшасында күйеуі Құдайдың оған жіберген сыйы екенін жазды.

"Өзімнің сезімдерім мен алғысымды осында жазғым келіп тұр, әрі естелік болып қалсын. Біріншіден, мен Жаратқан сүйген адаммын. Мен мұны сеземін, білемін. Альхамдулилах. Мен шүкіршілік етіп, алғыс айтудан шаршамаймын. Себебі, қазіргі күндерімді бір кездері мен дұғамда сұрағанмын. Құдай мені естіді. Құдай маған бақыт құшағында болуымды нәсіп етіп, әр күнімді әдемілікпен, махаббатпен, қамқорлықпен әсемдеп қойды. Екіншіден, менің күйеуім маған жоғарыдан жберілген. Мен мұны нақты білемін. Біз мінсіз емеспіз, бірақ бір-бірімізді толықтырамыз. Өмірімдегі қиын кезеңдерде де, қазіргі уақытта да ол маған өзінің махаббатын көрсетуден шаршамайды. Мені бар болғаным үшін ғана жақсы көреді. Сенесіз бе? Осындай да болады екен. Мен осындай мықты ер азаматтың сүйікті жары болғаныма бақыттымын. Қыздар, армандауды, сол арманға сеніп, күтуді доғармаңыздар. Өзіңізді дамытып, оқып, ер адам үшін қызықты болыңыз. Сонда ол қалағаныңызды сылайтын болады", - деп жазды ол.

Ал блогердің оқырмандары тосын сыйға байланысты түрлі пікірлерін жазуды. Бірі оны жақтаса, бірі даттап жатыр.

"Ұл тауып берген анасына сыйласа болар еді ғой", "Дүние деген осындай", "Құтты болсын, күшті, бақытты болыңдар", "Бұрынғы келіншегіне ұқсайды екен түрлері", - деп жазды олар.