Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жазушы оқыс оқиғаға байланысты 24 жыл бойы қызыл түсті тағамнан бас тартқан

AstanaTV
29.08.2023ж. 09:45
1048
Жазушы оқыс оқиғаға байланысты 24 жыл бойы қызыл түсті тағамнан бас тартқан

Британдық жазушы Фред Келли бала кезіндегі оқыс оқиғадан кейін 24 жыл бойы қызыл түсті тағам жеуден қорыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы ер адам журналистерге берген сұхбатында оның рационында ақуыздар, майлар мен көмірсулар әртүрлі болғанымен, оның құрамында қызыл түсті тағам жоқ екенін айтты. Өмірінің көп бөлігінде ол қарбыз, жидек, қызанақ, кетчуп, қызанақ негізіндегі пицца немесе спагетти-болонезеге жоламаған.

Тамақ фобиясы британдықта бала кезінен қалыптасқан. Ол үш жасында қоғамдық саябақта ойыншық атқа соғысқан. Соққының күшті болғаны сонша, ол алдыңғы тістерінің барлығынан айырылған. Аузынан аққан қанды жедел жәрдем дәрігерлері екі сағаттан соң ғана тоқтатқан.

Жақ сүйегінің зақымдануы салдарынан тіс дәрігері оған азу тістерінің ешқашан өспейтінін айтқан. Егер өссе, олар шіріп кетуі мүмкін екенін ескерткен.

"Кейбір адамдар биіктіктен, басқалары жабық кеңістіктерден немесе өрмекшілерден қорқады. Ал мен – қызыл түсті тағам түрлерінен. Бала кезімде болған оқиғадан кейін қызыл түсті тағамдарды жеуді тоқтаттым" - деді британдық жазушы Фред Келли.

Жазушы аталған проблемамен күресіп, қорқынышын 24 жылдан кейін ғана жеңді. Ол қорқынышынан арылу үшін тағамдық фобияға маманданған психологқа жүгінген.