$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО Емболатовка өзеніндегі балықтың қырылуына тұрмыстық қалдықтар себеп болған

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
3537
БҚО Емболатовка өзеніндегі балықтың қырылуына тұрмыстық қалдықтар себеп болған

Батыс Қазақстан облысындағы балық қырылған Емболатовка өзені мұнай қалдықтарымен ластанбаған. Өзен суына жүргізілген арнайы сараптаманың қорытындысы осындай шешім жасауға негіз болды.

Бұл туралы облыстық Экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов мәлімдеді. Сараптама кезінде судың қышқылдығы қалыпты болғанымен, өзендегі мұнай өнімдерінің мөлшері 1,4-тен 2,3 есеге көп екендігі анықталған. Экологтардың сөзінше, күнделікті пайдаланатын сабын, су сабын, түрлі тұрмыста қолданатын жуынатын заттар улы болып табылады. Ал өзенге үй шаруасында қолданған сарқынды сулар төгілген. Балықтардың қырылуы осыдан болған, - дейді мамандар.

Ербол Қуанов, БҚО экология департаментінің басшысы:

Химиялық зиянды заттармен, өндіріс қалдықтарымен өзеннің суы ластанбаған. Бір сөзбен айтқанда, яғни сарқынды сумен ластаған. Енді қандай жағдайда ластады? Оны департаменттің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізген жұмысының нәтижесі көрсетеді.