Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаты бірінші сынып оқушыларының сауат ашу оқулығын сынады

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
3038
Мәжіліс депутаты бірінші сынып оқушыларының сауат ашу оқулығын сынады

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бірінші сынып оқушыларының сауатын ашудың орнына миларын ашытып жатқан сауат ашу оқулығына қарсы шықты. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов жазған 105 жылдық тарихы бар әліппенің не жазығы бар деген сауалын депутат Білім және ғылым министрлігіне жолдады. Оның айтуынша, сауат ашу "ликвидация безграмотности" деп аударылады. Сондықтан атауының өзі дұрыс емес деп отыр.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Ешқандай сараптама, қоғамдық талқы болмастан, жарқ ете қалды мына сауат ашуыңыз. Сондықтан шикі, бағдарламасы ауыр, іші толған қайшылықтар, бір әріпті үйренуге 4-5 сағат арналған, бала деңгейі ескерілмеген. Ата-ана да наразы, ұстаздар да наразы, қоғам да наразы. Оның үстіне үш тілдегі пәнді енгізу, әріпті енді танып жатқан балаға, бірінші сыныпқа келген балаға, жасыратыны жоқ, ұлы сөздің ұяты жоқ, памперспен келетін балалар бар, кіш етіп қоятын, сондай кішкентай балаға ағылшын тілін, орыс тілін қоса алып келді.