Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбе облысында екі жылда 86 жаңа өнеркәсіп нысаны іске қосылды

31.08.2023ж. 20:00
619
Ақтөбе облысында екі жылда 86 жаңа өнеркәсіп нысаны іске қосылды

«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті XXXV конференциясында да кейінгі екі жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Өңірде партиялық жобалар және Сайлауалды бағдарламалар аясында толымды істер атқарылған. Жиынға «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев және өңірдегі бастауыш партия ұйымдары мен аумақтық филиалдардан сайланған 160 делегат қатысты. Өңірде өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Екі жылда бұл мақсатқа 60 млрдтан астам инвестиция тартылып, 86 өнеркәсіп нысаны ашылған. Облыста бетон өнімдерін, фосфор мен кематика басқа құрылыс материалдарын шығаратын ірі өнеркәсіптер іске қосылған. 1700 –ден астам адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ 7 мектеп, 51 балабақша, 83 дене шынықтыру нысаны салынған. Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы да қарқынды жүзеге асуда. Қазіргі таңда бір жарым мыңнан астам адамға 6,7 млрд теңгеге несие мақұлданды.

Күлпаршын АЙДАРХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

 «Ауыл аманаты» үнемі қолдауда, қадағалауда тұрады. Біздерде өзіміздің бағдарламамыз бар және жоспарымыз бар. Жоспар бойынша біздер ауылдарға барамыз, түпкір-түпкіріне дейін барамыз. Адамдарға түсіндіріп жатырмыз. Қандай ыңғайлы екенін жұмыс жасауға. Бұл бағдарлама жұмыссыздықты жою мақсатында адамдарды еңбекке тарту мақсатында жасалған.