$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Атырауда бекірені заңсыз саудалаған азамат ұсталды

AstanaTV
04.04.2016ж. 20:00
Атырауда бекірені заңсыз саудалаған азамат ұсталды

Атырауда бекірені заңсыз саудалаған азамат ұсталды. Ол бағалы балықты қаладағы мейрамханалардың біріне өткізбек болады. Алайда дәмхана иесі тауарды алудан бас тартқан. Бұл жайында облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі айтты. Оңай олжаға кенелмек болған жігіт 45 дана бекірені қала маңындағы Дамбы ауылындағы балықшыдан сатып алдым деген. Қазір оның нақты кімнен алғаны және  бақылау бекеттерінен қалай  өткізгені тексерілуде.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Салмағы 118 келі балықты жергілікті азамат мейрамханаға өткізбекші болған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі  тергеу жұмыстары  ҚР ҚК  339 бабы бойынша жүргізілуде.

Аймақта сәуірдің 1-нен бастап "Бекіре" деп аталатын айлық шарасы басталды. Балық қорын броконьерлерден қорғау үшін 300-ден астам полицей жұмылдырылған. Одан бөлек Жайық өзені жағасында 8 және республикалық маңызы бар жолдарда 4 бекет ашылды.  

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ