Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн», – Президент

01.09.2023ж. 20:00
574
«Атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн», – Президент

«Атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн». Президент бұл мәселеге айрықша тоқталды. Семей полигонындағы оқиғадан кейін халық ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды. Қорқыныштың болуы да орынды. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені қоғам болып талқылауымыз керек – деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз.
Мамандар, атом электр стансасын салу мәселесі көтерілуі бекер емес дейді. Елімізде алдағы 10 жылда электр энергиясына деген тапшылық туындайды. Қазірдің өзінде жетіспеушілік байқалады. Сарапшылар 2035 жылға дейін бұл мәселе шешілмесе, біз өз энергетикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете алмаумыз мүмкін екенін айтады.

Бауыржан ИБРАЕВ, АТОМ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІС АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Атом станциясынан қорқып керек жоқ. Ол бізге ең пайдалы, экономикаға ең дұрысы. Даже бір станция емес, бізге бірнеше станция керек. Біз мемлекет ретінде дамимыз деген ой болса, атом станциясынан ешқайда кете алмаймыз. Ертең термояд болады дейді. Күн бар, жер бар, басқа бар біреуі атом станциясының жанына қатар тұра алмайды.