$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе",-Президент.

01.09.2023ж. 20:00
1029
"Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе",-Президент.

Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе, деді Президент. Сондықтан пікір бір жақты болмас үшін оның халықтық дауысқа салынуы жөн. Мемлекет басшысының мәселені референдум арқылы шешу ұсынысын тұрғындар құптайды.

БЛИЦ-ОПРОС:

- АЭС салуды референдум арқылы шешеміз деді. Ол да бір үлкен қоғамға деген айтқан сөзінде тұру. Және айтылған сөзден таймай референдум арқылы АЭС өзіміз шешетін боламыз.
- АЭС салу экологиялық аймаққа байланысты егер дұрыс таңдалатын болса, халыққа еш зиянын тигізбейтін болса, оны салған дұрыс.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Мемлекет басшысы өте тиімді шешім айтты. Оны рефендум арқылы халықтың өзі шешетін қылып. АЭС керек па керек емес па ел, бұқара өзі болып шешетін болды.
- АЭС салуына байланысты, ұлттық рефендумда шешіледі деп айтылған болатын. Бұл жерде дұрыс деп ойлаймын. Әрине, халықтың пікірімен санасу керек. Иә, халық қой, халыққа керек нәрсе ғой.
- Өзім ойлаймын ол дұрыс. Халықтың пікірін, халық өзі дауыс беріп, сол дауыста шешіледі, феререндумда. Халық қалайды ма, қаламайды ма?