Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Біздің мақсатымыз-жолдауда айтылған міндеттердің заңнамалық деңгейде сапалы және жедел орындалуын қамтамасыз ету",-Е. Қошанов

01.09.2023ж. 20:00
587
"Біздің мақсатымыз-жолдауда айтылған міндеттердің заңнамалық деңгейде сапалы және жедел орындалуын қамтамасыз ету",-Е. Қошанов

Парламент жаңа Салық және Бюджет кодекстерін қабылдайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Кеше ғана өңірлерді аралап келген депутаттардың алдында ауқымды міндеттер тұр. Жолдауда ұсынылған барлық бастамаларды ашық талқылап, оны жүзеге асыруда жүйелі жұмыстар атқарылу керектігін жеткізді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін Президент осы сессияға арналған заң шығару жұмысының басым бағыттарын айқындап берді. Біз жаңа салық және бюджет кодекстерін қабылдаймыз. Сонымен қатар, цифрландыруды жетілдіруге, ғылым мен технологияны дамытуға заңнамалық тұрғыдан тың серпін беру қажет. Бұдан бөлек монополияға қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін қолдаданыстағы заңға да өзгерістер енгіземіз. Біздің мақсатымыз жолдауда айтылған міндеттердің заңнамалық деңгейде сапалы және жедел орындалуын қамтамасыз ету.