Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"AMANAT" партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалардың ауқымын кеңейтпек

01.09.2023ж. 20:00
430
"AMANAT" партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалардың ауқымын кеңейтпек

Мемлекет басшысы Жолдауда "AMANAT" партиясының "Ауыл аманаты", "Қарызсыз қоғам" жобаларына ерекше тоқталды. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, кәсіп бастауға мүмкіндік сыйлады. Президент "Ауыл аманаты" жобасының келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен қатар қосалқы шаруашылық иелеріне қолдау көрсету жағында қарастыруды тапсырды. Ал "Қарызсыз қоғам" жобасының арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Енді "AMANAT" партиясы Үкіметпен бірлесіп, жобаның ауқымын кеңейтпек.

Руслан ӘЛІШЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

"Қарызсыз қоғам" жобасы халықтың қаржылай сауаттылығын арттыру үшін бағытталған. Адамдар көбіне қайда барып, кімнен кеңес алуды, қаржысын дұрыс жоспарлауды білмейді. Жобаға қатысушылардың 70 процентінде бір бастарында екі кредиттен, көбісі уақытында төлемегендер. Кейбірінің ай сайынғы табысы 100 мыңнан аспайды. Бүгінге дейін шамамен 38 мыңнан астам адам білім деңгейлерін көтерді. Жоба өз жалғасын табады.