Бас
прокурор Астана маңындағы жерді заңсыз сатқанын біле тұра, үнсіз отырған
шенеуніктердің аты-жөнін жариялауды бұйырды. Өйткені мемлекеттік қызметкерлер
қолдан құжат жасап, 500 отбасын алдап соқты,- деді Жақып Асанов. Алаяқтық
әрекеттер көбіне Елордаға жақын Қосшы ауылында жүргізілген. Прокуратура олардың
қылмыстық схемаларын әшкерелеген.
Жақып
Асанов, ҚР Бас прокуроры:
Ол
жерден мемлекеттік қызметкерлер де сатып алды жер телімдерін. Әкімдер,
прокурорлар, бәрі білді. Халық та білді картошка алаңында жер сатылып жатқанын.
Барлық тұрғындар сатып алып жатты. Қазір осы 15 адам, негізінен шенеуніктер, қамауда отыр. 24 адам тартылып жатыр іс бойынша. Мен жедел-тергеу тобынан
құйтырқылық әрекеттерді біле отырып, шара қолданбаған мемлекеттік қызметкерлердің
аты-жөнін күтемін. Сот шешімін күтпей-ақ, олардың есімдерін жариялау керек. Олар
мемлекетке қызмет етуді жалғастырып келеді. Ондайларды мемлекеттік қызметтен қуу
қажет.
Ал Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мемлекеттік мекеме қызметкерлері құжаттарды
жалған рәсімдегенін айтты. Қазір оларға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа
жіберіледі. Андрей Кравченконың айтуынша, Ауыл шаруашылығы мен Ұлттық экономика
министрлігі тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр. Ол жеке тұрғын үй жайларына жер
бөлу мәселесін реттейді. Демек, жерге қатысты заңсыз сауда мен басып алудың
қылмыстық жауапкершілігі артады.
Андрей
Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Астана
маңында әкімдік, халыққа қызмет көрсету орталықтары және әділет басқармасындағы
мемлекеттік қызметкерлер жер телімдерін беру туралы құжаттарды қолдан жасап,
жер сатып келді. Ондай 370 жер телімі анықталды. Қылмыскерлер олардың жартысын
сатып үлгерген. Сөйтіп жарты миллиард теңгеден астам пайда тапқан.
Айгүл ӘДЕПБАЙ