Орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кіші Крис Юбенктің мәлімдемесіне күмән келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Британдық Крис Юбенк орта салмақта өзінің отандасы Лиам Смитті нокаутпен жеңіп, Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Әлімханұлы, бұл ұсыныстың өзіне тасталмағынына "Британдық менен қорқады" деп жазба жариялады. Оның пікірінше қазіргі уақытта "QAZAQ STYLE" GGG-ге қарағанда қарсыластар үшін қауіпті.
"Неге оған Головкин керек? Неліктен ол менің атымды атамайтынын білесіз бе? Өйткені мен түнгі қорқынышпын. Орташа салмақта бір ғана патша бар! Және бұл мен! Юбенк-оңай жұмыс", - деп жазды Әлімханұлы Твиттерде.