Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Танымал DJ Бозжыра шатқалында бейнебаян түсірді

AstanaTV
03.09.2023ж. 21:23
801
Танымал DJ Бозжыра шатқалында бейнебаян түсірді

DJ Аzi Ray лақап атымен танымал Азиза өзінің жаңа туындысын Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында орындады. Әлеуметтік желі қолданушылары музыкалық туындымен қатар, бейнебаяндағы әсем табиғатқа ерекше тамсанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азиза Маңғыстау облысында түсірілген «Silk Sound» атты бейнеролигін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Ол өзінің жазбасында мұндай форматтағы видеоны бірінші рет түсіргенін айтқан.

«Өте әсем табиғат, ерекше жер. Өзімнің бүкіл сезімімді музыка арқылы жеткізгім келді. Сіздер де сол сезімді сезінесіздер деген ойдамын», - деді ол.

Ал, әлеуметтік желі қолданушылары әуеннің ұялы телефон рингтонына ұқсайтынын жазған.

Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев жаңа роликтің аймақ туризмін дамытуға үлес қосатын жаңа қадам екенін айтады.

«Инстаграм желісінде күнделікті қаралым жинап жатқан DJ Azi Ray лақап атымен танымал Азизаның бейнеролигінде Бозжыра шатқалы көпшіліктің назарына ілінгені сөзсіз. Сондықтан да, мұндай видеолар, клиптер туризм саласын дамытуға пайдалы», - деді ол.