Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Азия чемпионаты: қазақстандық волейболшылар Жапониядан жеңілді

AstanaTV
03.09.2023ж. 22:41
1022
Азия чемпионаты: қазақстандық волейболшылар Жапониядан жеңілді

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы плей-офф сатысында Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық волейболшылар Жапония құрамасымен кездесті. Ойын барысында олар қарсыласына 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен жеңіліп қалды.

Енді ел құрамасы 4 қыркүйекте Үндістанмен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түсті. Алдымен, Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6) есебімен жеңсе, одан кейін Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірсе, Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.

Айта кетсек, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең үздік жетістігі – 2005 жылы алған күміс медаль.

Құрлықтық дода 6 қыркүйекте мәресіне жетеді.