Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Геннадий Головкин мансабын аяқтай ма?

AstanaTV
04.09.2023ж. 11:21
540
Геннадий Головкин мансабын аяқтай ма?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс отандасымыздың алдағы мансабына қатысты сұраққа жауап берді. Ол да спортшының не ойлап жүргенінен хабарсыз екен,- деп хабарлайды Massaget.kz.

Мен кейінгі уақытта Геннадиймен сөйлескен жоқпын, сондықтан да маған ештеңе белгілі емес. Бірақ қандай да бір жаңалықпен GGG Promotions ресми мәлімдеме жасайды деп сенемін, - дейді жаттықтырушы SlothBoxx-қа берген сұхбатында. 

GGG соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында шаршы алаңға шықты. Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қарсыласына жол берген еді.