Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Көлік министрлігін құру - өте тиімді және өзекті қадам", - Е. Серік

04.09.2023ж. 20:00
602
"Көлік министрлігін құру - өте тиімді және өзекті қадам", - Е. Серік

Қазақстан Еуразиядағы маңызды көліктік-логистикалық хабқа айналу үшін жаңа сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймай, сонымен бірге осы процестен барынша пайда алу үшін инфрақұрылымды дереу реформалауы қажет. Сарапшылар бұл мәселе жаңадан құрылған көлік министрлігінің құзырына кіргенін айтады. Солардан үлкен үміт күтеді. Еліміз Еуропа мен Азияны байланыстырып тұр. Көлік-логистика дамыса пайдаға кенелуге болады. Ел экономикасын жақсартуға да септеседі.

Ернар СЕРІК, САУДА САЯСАТЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір тек Қазақстан ғана емес, Қытай, Еуропа елдері де тауар тасымалдаудың балама жолдарын іздестіруде. Сондықтан Президент көлікті дамытуға көңіл бөлді. Енді транзиттік мәселе қиындық тудырмауы керек. Керісінше, табыс табуымыз қажет.