$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде ғұн дәуірі жәдігерлерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

04.09.2023ж. 20:00
1145
Ақтөбеде ғұн дәуірі жәдігерлерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Ақтөбеде ғұн дәуірі жауынгерінің алтыннан жасалған ат әбзелдерін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Көне дәуірдің ер –тұрманын ғалымдар ұсақ бөлшектерден жинап, қаз-қалпына келтіруде. Бұл мұралар ғұндардың Европаға қоныс аударғанға дейін Ақтөбе жерін мекендегенін дәлелдеп отыр.

Бұл тарихи жәдігерлер бес жыл бұрын Ақтөбе қаласы маңындағы құрылыс карьерінен қазу кезінде кездейсоқ табылған. Құрылысшылар жер астынан көне қорған орнын анықтады. Ол аумақтан біздің заманымыздың екінші немесе төртінші ғасырда өмір сүрген жауынгердің металл және бағалы тастардан жасалған ер –тұрманы, батырдың бас киімі, белдігі мен қылышы сәндеген әшкейлері қазылып алынды.

Аслан МАМЕДОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бұл жерлеу қазіргі таңда 2,4 ғасыр деп отырмыз. Бұл ғұн тайпаларының бір мүшелері болып табылады. Негізі жауынгер деп беріп отырмыз. Ал негізінде ғұн тайпаларының элитасына жатқызатын тұлға болып саналады.

Қазір ғалымдар құнды дүниелерді қалпына келтірумен айналысуда. Ғұн-сармат дәуіріне жататын жәдігер арқылы сол дәуірде өмір сүрген жауынгерінің бейнесін толық жинақтауға болады, дейді.

Николай КУРГАНОВ, РФ САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МЕМЛЕКЕТТІК ИСТИТУТЫНЫҢ СУРЕТШІ-РЕСТАВРАТОРЫ:

Өте нәзік дүниелер. Көптеген ұсақ бөлшектеден тұрады. Алтын фольга бөлшектерде жыртық, тесіктер, бөліктер көп. Қазір біздің ең әуелгі мақсатымыз тарихи жәдігерді сол қаз қалпында сақтап қалу болып тұр.

Жауынгердің киім-кешегі мен қылышын қалпына келтіру жұмыстарыастаналық тарихшылардың үлесінде. Бұл тарихи жәдігерлер кейін облыстық өлкетану музейінің алтын қорына табысталады.