Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивальдің ашылу салтанаты өтті

05.09.2023ж. 20:00
1056
Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивальдің ашылу салтанаты өтті

Елордада ұлттық спорт түрлерінен VI фестивальдің ашылу салтанаты өтті. 1300-ден астам адам бес күн бойы спорттың 11 түрі бойынша сынға түседі. Спортшылар көкпар, асық ату, тоғызқұмалақ, жекпе-жек, жамбы ату, теңге ілу және тағы да басқа ұлттық ойын түрінен бақ сынайды. Іс-шара аясындағы айтулы оқиғаның бірі – «JORYQ» ат спорты федерациясы осымен екі жыл қатарынан өткізіп отырған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі. Еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы ат басын бұрған 20 команда 14 күнде елордадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Іс-шараны ашқан Мәжіліс төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов елімізде ұлттық спорт түрлері мемлекет қолдауымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Төл мәдениетімізді дәріптеп ұлттық спортты дамыту мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында! Өздеріңіз білесіздер, келер жылы мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстанда 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл байрақты бәсекені қазақ даласында өткізу мемлекетіміз үшін үлкен жауапкершілік. Бүгінгі фестиваль сол дүниежүзілік көшпенділер ойынының бастауы деуге болады.