Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Президент Жолдауда барлық саладағы мәселелерді қозғады», - П.Казанцев

05.09.2023ж. 20:00
722
«Президент Жолдауда барлық саладағы мәселелерді қозғады», - П.Казанцев

Президент Жолдауда барлық саладағы мәселелерді қозғады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, "АМАNАТ" фракциясының мүшесі Павел Казанцев азаматтарды қабылдау кезінде айтты. Ол көтерілген тақырыптардың арасында тұрғын үй мәселелері, коммуналдық сектор қызметтерінің жұмысы мен ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдауға баса назар аудару керегін жеткізді.

Қабылдауға келгендердің бірі - Алтын Алпысбаева. Астаналық келіншек – бірінші топтағы мүгедек. Екі баласы да ерекше күтімді қажет етеді. Арманы – баспаналы болу. Үй кезегінде 2011 жылдан бері тұр. Үлкен қалада пәтер жалдап тұру қиын – дейді.

Алтын АЛПЫСБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Менің екі балам да мүгедек, екінші топ та. Біреуі психикалық есепте тұрады. Мен өзім бірінші топтағы мүгедекпін. Үй мәселесі бойынша келіп тұрмын. "Аманат" партиясы көмектеседі деген үміттемін.

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев бұл мәселе назарда болады – деді. Қоғамдық қабылдауға келгендерді әртүрлі проблема мазалайды. Көбі коммуналдық тарифтер жайын көтерді. Мемлекет басшысы Жолдауында бұған тоқталған болатын. Тарифтік саясатты қайта іске қосу, тариф белгілеудің жаңа әдістерін енгізу, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру қажеттігін атап өтті.

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тұрғын үй мәселесе маңызды. Тұрғын үйге сұраныс жоғары екені түсінікті. Сондай-ақ, халықты, көбінесе, су, жылу, газ мәселелері толғандырады. Президент Жолдауда энергетика саласына қатаң тәртіп орнату керектігін баса айтты. Оны шешу жолдарын қарастырды. Тіпті, атом электр станциясын салу керек па, жоқ па деген сауал жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады деді.

Жолдауда қазақстандықтарды толғандыратын барлық өзекті мәселелер қозғалды, - дейді депутат. Энергетика, су , жол, тариф мәселелері шешім табатынына сенімді.