Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Жолдау өндіріс пен өңдеу өнеркәсібіне тың серпін береді",- депутат

05.09.2023ж. 20:00
824
"Жолдау өндіріс пен өңдеу өнеркәсібіне тың серпін береді",- депутат

"Өнім өндіруден шеттеп қалдық. Тіпті ауламызға көкөніс егуді қойғанбыз". Мәжіліс депутаттары осылай дейді. Президент Жолдауы тұралаған өндіріс пен өңдеу өнеркәсібіне тың серпін беретінін айтады. Өйткені бұл салаға енді арнайы ведомство жауапты.

Ұлықбек ТҰМАШИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мынадай кең жеріміз бар. Байлығымыз бар. Кеше мен Президенттің айтқан осы сөзіне өте разы болдым. Одан кейін және қайталап айтам, құрылыс министрлігі мен өнеркәсіп министрлігі құрылғанына өте қуандым. Су министрлігінің құрылғанына қуандым. Өйткені ол баяғыдан керек еді.

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз осы уақытқа дейін мектеп салдық, аурухана салып жатырмыз, жол салып жатырмыз. Бірақ мынау жаңа өндіріс орындарын салу біздің мемлекеттік тұрғыда болған жоқ. Сондықтан жаңағы президентіміз келесі үш жылдың ішінде кем дегенде 15 өндірістік жоба іске асыруымыз керек.