Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбе облысында сегіз адам газға уланып ауруханаға түсті

05.09.2023ж. 20:00
640
Ақтөбе облысында сегіз адам  газға уланып ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары газға уланып қалды. Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши елдімекендерінен сегіз адам жедел-жәрдеммен дереу ауруханаға жеткізілген. Оның төртеуі -ересек адам, қалғаны- бала. Ең кішкентайы -бес жаста.

Бекболат ІЗБАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түскен кезде басты шағымдары олардың бас айналуы жүрек айнуы. Қарағаннан кейін төрт адам емханалық бақылауға жіберілген болатын үйлеріне, ал төрт адам бізде динамикалық бақылауда.

Оқиға орнына елдімекенге газ таратумен айналысатын мекеме мамандары келіп, тексеру жүргізді. Газ құбырынан ақау анықталмаған. Болған жағдайға қатысты облыста арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар табиғи газдың құрамындағы одорант қоспасына улануы мүмкін деген болжам бар.

Руслан ӘМІРТАЕВ, «ТЕХНОГАЗ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Специалисты выехали на место, был сильный запах газа.... Мамандар оқиға орнына барғанда газдың иісі қатты шығып тұрды. Біз қолданатын метан газының негізі иісі жоқ. Біз газдың шығып жатқанын анықтау үшін этилмеркаптан қосамыз,онда одоранттың иісі бар. Сол одорант нормадан тыс болып кеткен.