Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда жасөспірім энергетикалық сусындар мен фаст-фудтың кесірінен ауруханаға түсті

05.09.2023ж. 20:00
496
Алматыда жасөспірім энергетикалық сусындар мен фаст-фудтың кесірінен ауруханаға түсті

Алматыда 17-дегі жасөспірім энергетикалық сусындар мен фаст-фудтың кесірінен ауруханаға түсті. Зиянды тағамға үйір болған ұл баланың денсаулығы күрт нашарлап, тіпті, жүре алмай қалған. Дәрігерлер науқасқа «Гемофилия В» диагнозын қойды. Сонымен қатар бұған дейін жасөспірімде қан ұюының IX факторының төмен деңгейі анықталған. Тексеру кезінде балада жоғары температура, еріннің қанауы, ауыз қуысының жаралары, буындардың ауыруы және мұрыннан қан кету байқалды дейді.

Ұлжалғас ӨСКЕНБАЕВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Анамнезін анықтаған кезде бала энергетикалық напитоктарды ұзақ уақыт ішкен көп мөлшерде. Сондықтан бауырының қызметі бұзылған. Бауырда қараю факторлары түзіледі. Сондықтан геморрагиялық синдромнан бала бізге түскен. Емдеген кезде витамин К бердік. Функциялары жөнделді. Анализдері қалпына келді.

h