$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ел болашағы қорғаныс саласының дамуына байланысты”, - әскери сарапшы

05.09.2023ж. 20:00
1338
"Ел болашағы қорғаныс саласының дамуына байланысты”, - әскери сарапшы

Еліміз соңғы бір жылда дүниежүзілік армия жасақтарының қуаттылығы жөнінен алты сатыға көтерілді. Бұл әскерді күшейту заман талабы екенін көрсетті. Мұны Мемлекет басшысы Жолдауда да айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әскері жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техника, заманауи ұшу аппараттарымен қамтамасыз етілуі керек - деді. Сарапшылар Президент пікірін қолдайды. Ел болашағы тікелей қорғанысқа байланысты екенін айтады.

Мұхтар СЕРІКБАЕВ, ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қуатты әскер - ел болашағы. Біз қазір геосаяси кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Ол үшін армияны дамыту маңызды. Президент Жолдауда қорғасын саласын отандық кәсіпорындардың қатысуымен өрістетуді тапсырды. Бұл - өте дұрыс. Қару-жарақтарды жетілдіріп, заманауи құрылғыларды көбейту керек. Техниканы жетілдіру маңызды.

Қайрат ЕЛУБАЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Әр мемлекеттің ең бірінші мақсаты – Отанды қорғау. Сол себепті бүгінгі күні әскери потанциалды көтерген өте маңызды.

Әлібек ТАБЫЛДИНОВ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Аса маңызды саланың бірі бұл қорғаныс -өнеркәсіп саласы.Және де мемлекет басшысының жолдауында оны арттыру,оны күшейту, оны дамыту ойлары айтылды.Әскери саланы ең үстем,ең үздік технологиямен қамтамасыз ету деген бұл біздің мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.