Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Астанада заманауи модельді кітап дүкені ашылды

AstanaTV
06.09.2023ж. 14:30
938
Астанада заманауи модельді кітап дүкені ашылды

Бүгін Астанада Ыбырай Алтынсарин атындағы Кітап үйі ашылды. Бұл ересектер мен балаларға арналған отандық және әлемдік әдебиеттің үздік үлгілері бар жаңа кітап дүкені. Жобаның бастамашысы «Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Нығметқызы Баталова болды. Жаңа кітап үйі сол жағалауда, ЭКСПО-2017 кешені мен «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің арасында орналасқан.

Ашылу салтанатына Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева, жазушы Зәуре Төрехан, басқа да ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

«Кітап үйі елордамыздың көрнекті жеріне айналатынына сенемін. Осы жобаны жүзеге асыруға көмектескендердің барлығына алғысымды білдіремін және елорда тұрғындары мен қонақтарын осы кітап ордасына шақырамын. Бұл жерде мұғалімдер мен оқушыларды оқыту орталығы жұмыс істейді, баспагерлермен және жазушылармен кездесулер өткізіледі», - деді жобаның идеялық дем берушісі Эленора Баталова.