Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Еліміздегі егін жинау науқаны: 4,7 млн тонна астық жиналды

AstanaTV
06.09.2023ж. 22:13
642
Еліміздегі егін жинау науқаны: 4,7 млн тонна астық жиналды

Бүгінгі таңда елімізде 4,7 млн га астық жиналды, орташа өнімділігі 10 ц / га болғанда 4,7 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауыл шаруашылығы министрлгініңі хабарлауынша, еліміздің оңтүстік өңірлері астық жинауды аяқтауда, атап айтқанда Шымкентте егін толығымен жиналды, Жамбыл облысында –98,3%, Түркістан облысында 86% астық жиналды.

Басқа да дақылдарды жинау жалғасуда: өнімділігі 7 ц/га құрайтын 58,7 мың тонна майлы дақылдар бастырылды, 728,4 мың тонна картоп, 1,9 млн тонна көкөніс және 2,7 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

«Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 38,6 мың комбайн, 13,5 мың орақ және 140,3 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды. Егін жинау науқанына арналған 426 мың тонна жеңілдікті дизель отынының 207 мың тоннасы (49%) төленіп, 185 мың тоннасы (43%) жөнелтілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрады. Қаражат толығымен игерілді.

Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы арқылы 21,2 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға, көктемгі егіс жұмыстарын іске асыру және кейіннен қаржыландыру үшін 528 мың тонна көлемінде тауарлық кредиттеуге тағы 60 млрд теңге бағытталды.