Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Джокович жаңа әлемдік рекорд жаңартты

AstanaTV
06.09.2023ж. 23:00
476
Джокович жаңа әлемдік рекорд жаңартты

Серб теннисшісі Новак Джокович жаңа әлемдік рекорд иесі атанды,-деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол "Үлкен дулыға" турнирінде 47-ші рет жартылай финалға шықты. Осылайша мансабын аяқтап үлгерген швейцариялық Роджер Федерердің рекордын басып озды. 

Новак Джокович US Open жарысының жартылай финалына 13-ші рет шықты. Кеше ширек финалда өткен ойында америкалық Тейлор Фрицтен басым түсті. 

Жартылай финалда серб спортшысы америкалық Фрэнсис Тиафо мен Бен Шелтон арасындағы ойында жеңіске жеткенімен ойнайды.