Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

"Бұл кездесу екі ел арасындағы байланысқа жаңа дем береді", - саясаттанушы

07.09.2023ж. 20:00
744
"Бұл кездесу екі ел арасындағы байланысқа жаңа дем береді", - саясаттанушы

Албания басшысының сапары екі ел арасындағы байланысқа жаңа дем береді. Саясаттанушылар осылай деп пікір білдірді. Қазақстан мен Албания арасында достық қарым-қатынас орнағанына 30 жылға жуық уақыт болды. Әсіресе, соңғы бес жылда алыс-беріс артқан. Өткен жылы екі ел арасында тауар айналымы жалпы 7,7 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл сомма 2021 жылмен салыстырғанда 24% -ке артқан. Еліміз Албанияға сұйытылған газ экспорттаса, бізге Балқан түбегінен киім-кешек, қағаз, картон бұйымдары әкелінеді.

Риззат ЕЛУБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Халықты қызықтыратыны, ол әрине екі ел арасында қандай кәсіпорындар ашылады. Бүгінге дейін ол кәсіпорындардың саны көп емес. 10-ға жуық біріккен кәсіпорын бар. Және сауда-саттық көлемі де өте аз. Аз болғанымен соңғы 10 жылда 326 пайызға өскен. Алдағы уақытта екі ел арасындағы сауда-саттықтың өсуіне, туризмнің дамуына үлкен патенциял бар деген сөз. Бұл кездесу екі ел арасында жаңа дем береді дегенге сенім мол.

Жанар ТӨЛЕНДИНОВА, САЯСАТТАНУШЫ:

Менің ойымша Албанияда кез-келген нәрсенің бағасы да басқалармен салыстырғанда арзан. Қазақстандықтардың көбі дем алуға Чернагорияға барады. Бірақ Албанияның табиғаты одан артық болмаса кем емес. Туристерге де жағдай жасалған. Визасыз режимнің арқасында отандастарымыздың көбі сол елге саяхаттауы мүмкін. Ол жақтан бізге келетін меймандардың да саны артады. Бұл мемлекеттің логистикалық, инвестициялық, гуманитарлық мүмкіндіктері көп. Екі жақты келісімнің халыққа да мемлекетімізге де берер пайдасы көп.