Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Жолдауда азаматтардың табысын арттыруға бағытталған тиімді ұсыныстар айтылды», - сарапшы

07.09.2023ж. 20:00
814
«Жолдауда азаматтардың табысын арттыруға бағытталған тиімді ұсыныстар айтылды», - сарапшы

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып бекітілді. Бұл – Жолдауда Президент айтқан көп тапсырманың бірі. Яғни, еңбекақының төменгі мөлшерін көбейту арқылы 1 миллион 800 мың адамның әл-ауқаты артпақ. Сарапшылар бұл көпті қуантқан жаңалық дейді.

Алтынай КӨБЕЕВА, «АҚПАРАТТЫҚ-РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ" ДИРЕКТОРЫ:

Президент Жолдауына халықтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға бағытталған мәселелер қозғалды десем болады. Әсіресе, Мемлекет басшысы несие туралы сөз етті. Расымен де, арамызда кредитінен құтыла алмай жүргендер көп. Оның барлығы қаржылық сауатқа келіп тіреледі. Жастарымыз несиені көп алатын болды. Тез ақшаға қол жеткізуге құмар. Асығып келісімді де оқымайды. Президент Жолдауда осы мәселеге аса назар аудару керегін айтты. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан ең басты түйіткілдің бірі.

Тоқтар БОЛЫСОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Креативті индустрияда көбінесе жастар жүреді. Ол кино саласы болсын, дизайн саласы болсын. Блогерлер, олардың барлығы креативті индустрияның өкілдері десек болады. Президент айтқандай тек қана Астана, Алматы, Шымкентте ғана емес, барлық өңірлерде креативті орталықтар ашылатын болса, оларға мүмкіндік берілсе бұл сала тез дамиды деген сенімдеміз.

Мұрат ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жылдан-жылға су көлемі азайып бара жатыр, соңғы жылдары. Алдағы уақытта өдан да көп өзгереді. Бұрын Қазақстанның 2 миллионнан астам суармалы жері бар еді. Қазір 1 миллионнан төмен түсіп кетті. Жалпы, суармалы жерлер экономикамызға өте тиімді. Мысалы, дүниежүзінде аз көлемде, мысалы, 5% суармалы жер болатын болса, ол өнімнің 40% береді. Сол себепті бізге, әрине, суармалы жерлер өте қажет.