Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Су тапшылығын жою өзекті мәселе

07.09.2023ж. 20:00
657
Су тапшылығын жою өзекті мәселе

Жолдауда ел тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселелердің бірі – сумен қамту. Қазір әлем бойынша экологиялық қауіп төніп тұр. Себебі, су қорының азаюы алаңдатарлық жағдай. Бұл түйткілді шешу үшін Мемлекет басшысы су жаңа су және ирригация министрлігін құрды. Өйткені, Қазақстан - трансшекаралық су көздеріне тәуелді ел. Табиғат байлығын бірлесіп пайдалану үшін көрші елдермен ортақ мәмілеге келу де аса маңызды – деді, Президент. Павлодарлық белсенді Еркеғали Жанғазы Президенттің бұл қадамы тапшылықтың алдын алуға бағытталғанын айтады.

Еркеғали ЖАНҒАЗЫ, «ҚАҒАНДЫҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Су тапшылығын сездік. Ыстықты бәріміз сездік. Жалпы ыстық болмаса да, табиғаттың өзгеруіне байланысты су тапшылығы сезіліп жатқаны белгілі. Бұл баяғыдан белгілі нәрсе қолға алынбай келе жатқан нәрсе болған.