$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ақтөбеде жеті мың орындық мектеп ашылды

07.09.2023ж. 20:00
994
Ақтөбеде жеті мың орындық мектеп ашылды

Ақтөбеде 7 мың орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұл-Батыс мөлтек ауданы тұрғындары үшін үлкен жаңалық. Себебі, аумақтағы білім ошағында балалар үш ауысыммен оқитын. Енді ол мәселе толық шешілді. Жүз қырық класс жасақталып, төрт мыңға жуық бала жаңа мектепте білім алады.

Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ,ТІЛШІ:

Бұл Смарт білім мектебінде биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа тек жиырма екі бірінші класс бала қабылдаған. Олардың сегізі орыс кластары болса, қалғаны қазақ кластары. Жалпы мектепте қазір үш мың сегіз жүзден астам бала білім алып жатыр.

Әлішер Тынымжанов жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастады. Ол тіпті осында оқу үшін Қобда ауданынан ауысып келген. Болашақта тіс дәрігері болып еліне қызмет етуді армандайтын жасөспірім замануи білім ұйымында жан-жақты дамуға жағдай жасалған дейді.

Әлішер ТЫНЫМЖАНОВ, 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Бұл мектепке көшіп келген себебім мұғалімдері өте күшті және іші жәй мектеп сияқты емес қонақ үй сияқты. Асханасы өте жақсы, төрт спорт залы бар. Бассейн бар. Өзінің кружоктары бар.

34 мың шаршы метр аумақты алып жатқан ғимарат расымен де, замануи, барлық стандарттарға сәйкес келеді. Төрт спорт залдан бөлек, екі асхана , үлкен стадион, пәндік кабинеттер жасақталған.

Шамыхан ЕШНИЯЗОВА, АТА-АНА:

Біздің жақтан новый мектеп салып балаларға жақсы болды. Алысқа бармаймыз. Жақын іші де сырты да жақсы. Балалар доволны бәрі үйге келгенде мәз болып келеді. Мұғалімдерде күшті деп мәз болып келеді.

Мектептің ашылуы осы аудандағы үш ауысымдағы екі мектептің жүктемесін азайтты және мыңдаған ұстазды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етті.

Айгүл АРЫНҒАЗИЕВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Отыз сегіз жас маман қабылдадық. Қызыл дипломмен магистрлар,ғылым кандидаттары мектепке жұмыс істеуге тартылды.Қазіргі таңда жүз пайыз толығымен білікті мамандармен мектеп қамтылып тұр.

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін Шалқар, Мұғалжар және Алға аудандарында және облыс орталығында алты жаңа мектеп қолданысқа беріледі