$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Мерейлі отбасында береке бар

07.09.2023ж. 20:00
1148
Мерейлі отбасында береке бар

Ақтөбелік Қабижановтар отбасы -ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, алты баладан 20 немере 5 шөбере сүйіп отырған үлгілі шаңырақ. Бұл жанұяда өсіп-өнген балалар шетінен шебер. Жұрттың алғысын алып жүрген жандар. Оларды өңір халқы жақсы таниды. Өнегелі отбасына тілшіміз Бакыт Қазанғапқызы барып келді.

Әулеттің отағасы Марат Қабижанұлы- жасы сексен үштен асса да сегіз қырлы бір сырлы жан. Суырып салма ақын, 16 кітаптың авторы , жазушы, домбыра жасаушы шебер, суретші, айтыскер, айта берсе бұл кісінің бір басына өнері жетерлік. Батағөй қария бата беру сайысында бас жүлде алған. Ақсақал балаларына қазақтың салт-дәстүрін,тілін, ділін барынша сіңіруге тырысам дейді.

Марат ҚАБИЖАНҰЛЫ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, АҚЫН:

Баланың жақсы болып өсуі, әдепті болып өсуі, қазақ тілін ана тілін ардақтай білуі , барлық адамға ана тіліне құрметпен қарауы бұл анадан басталады.Себебі ана жастайынан бастап, ал әке ержетіп бес алтыға келгенде әке тәрбиесіне беріп, ол атқа мінгізіп, садақ атқызып, қару ұстатып, аша майға мінгізеді.

Бұл отбасылық одаққа 58 жыл болған. Биыл өнегелі жанұя республикалық «Мерейлі отбасы» байқауынан жүлделі бірінші орын алды. Үш қыз, үш ұлдан 20 немере, бес шөбере сүйіп отырған көпті көрген қариялардың ұстанымы бала әуелі тәрбиені отбасыдан алу керек. Сонда ғана оның қазығы мықты болады дейді.

Мәрияш БИСЕНАЙҚЫЗЫ, ОТАНАСЫ:

Әйтеуір қолымыздан келгенше қазақы тәрбие береміз. Келінге де балаға да үлкеннің алдын кесіп өтпе, олардың көзінше артық сөйлеме, келіндерге сәлемінде бер. Біреу келсе шайынды қой. Дастархан жай дейміз.

Отбасындағы ұлдардың барлығы техникалық мамандық таңдаған.Шетінен өз ісінің шебері. Ал қыздардың үшеуі де ұстаздық етеді.

Мадина ҚАБИЖАНОВА, А.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ БАС ДИРИЖЕРІ:

Мысалы мені өнер жолына салған өзімнің әкем. Бесінші класс кезінде бар. Өнер деген жақсы жол. Өнердің жағында жүрсең кем болмайсың. Қыз баласың таза жұмыс деп сонымен қатар өнерлі болға өте жақсы деп таңдап мен өзімде сонымен әрі қарай оқып, колледж, консерватория деп кеттім.

Берекелі отбасының балалары домбыраның үнін бойын сіңіріп, күн сайын ата-әжесінің ақ батасымен өсіп келеді. Олардың болашағы жарқын, мерейі үстем болары сөзсіз.