Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Солтүстік Қазақстан облысының командасы «Ұлы дала жорығы» сайысынан шығып қалды

07.09.2023ж. 20:00
493
Солтүстік Қазақстан облысының командасы «Ұлы дала жорығы» сайысынан шығып қалды

Солтүстік Қазақстан облысының командасы «Ұлы дала жорығы» сайысынан шығып қалды. Екі күн ішінде команданың үш жылқысы өз жүрісін баяулатты. Бұл туралы марафонды ұйымдастыру комитеті хабарлады. Қалған қатысушылар жолдың алғашқы 50 шақырымын сәтті жүріп өтті. Келесі кезекте 18 команда бақ сынайды. Естеріңізге сала кетейін, «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафоны – республикалық ауқымды жарыс. Оған "AMANAT" партиясы, JORYQ ат спорты федерациясы, Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсуде. Турнирдің жалпы жүлде қоры 65 миллион теңгені құрайды. Бір күн бұрын қатысушылар сапарын елордадан бастады. Олар Түркістанға дейін 1300 шақырымға атпен жүріп өтеді.