$498.34 €519.72 ₽4.85
×

“Су ресурстары және ирригация министрлігін құру еліміз үшін өте өзекті және уақытылы қабылданған шешім”, - А.Рябцев

AstanaTV
07.09.2023ж. 20:00
783
“Су ресурстары және ирригация министрлігін құру еліміз үшін өте өзекті және уақытылы қабылданған шешім”, - А.Рябцев

«Су ресурстары және ирригация министрлігін құру еліміз үшін өте өзекті және уақытылы қабылданған шешім». Мұндай пікірді Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы "Water Hub" халықаралық зерттеу орталығының директоры Анатолий Рябцев білдірді. Еліміз бүгінде су ресурсы жөнінде көршілес мемлекеттерге тәуелді. Сарапшылар жаңа ведомство бұл мәселені реттеуге септесетіне сенімді.

Анатолий РЯБЦЕВ, "ҚАЗҰАЗУ WATER HUB ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ" ДИРЕКТОРЫ:

Біз бар мақтаны қайдан аламыз? Суармалы жерлерден. Күріш ше? Суарудан. Суару арқылы барлық көкөніс пен дақылдарды алып жатырмыз. Өзіңіз ойлаңыз бақшаңызда көкөніс суармай өспейді, ештеңе де ала-алмаймыз. Сондықтан министрлікті қайта жандандыру өте дұрыс, әрі уақтылы іске қосылған шара және қатты қуантатыны, су ресурстары мен иррегацияны біріктіруі, керемет шешім деп ойлаймын!

Жерді суару мәселесіне мұқият назар аудару керек. Бұл бүгінде ішкі нарықты керекті өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін күшіміз, - деп атап өтті сала маманы.