$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Үмітімізді үзбейміз", - жанкүйер

08.09.2023ж. 20:00
790
"Үмітімізді үзбейміз", - жанкүйер

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрама командасы Фин¬ляндиямен кез¬десіп, 0:1 есебімен жеңі¬¬лді. Аты аңызға айналған Геннадий Головкин Елордада жекпе-жек өткізуі мүмкін. Спорт әлемінің соңғы жаңалықтарымен әріптесім Сүндет Оралбек бөліседі.

Ассалаумағалейкум, спортсүйер көрермен! Спорт әлеміндегі соңғы ақпараттармен бөлісейін. Кеше "Астана аренаға" жиналған 30 мың жанкүйердің тілеуі біреу ғана еді. Жеңіске жетсек, бөркімізді аспанға атып қуансақ деп ойлаған. Тіпті жанкүйерлер еліміздің түкпір-түкпірінен келді. Ал алаңдағы атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жанкүйерлердің қолдарындағы қазақтың көк туы аренаның сәнін келтірді. Ойынды екі құрама өте сақ бастады. Алғашқы 5 минутта қарсыластар бір-бірін барлаумен болды. Әсіресе допқа финдер көбірек иелік етті. ФИФА ре鬬тингінде 55-орында тұрған Финляндия ойыншыларының да жеңіске деген құлшынысы жо¬ғары болды. Ойының бірінші жартысында екі команда да қауіпті шабуылдар жасады. Бірақ ойыншылар қақпашылардың осал тұсын таба алмады. Тек 78-минутта қонақтар есеп ашты. Сол қап¬тал арқылы суырылып шық¬қан Расмус Шуллер командасын алға шығарды. Осы гол¬дан кейін екінші таймда алаң¬¬¬ға шыққан Самородов, Тапବ¬лов, Оразов, Чесноков және Дос¬ма¬ғамбетов белсенді болғବны¬мен есеп өз¬геріссіз қал¬ды. Фин¬ляндия құрамасы маңыз¬ды 3 ұпайды қанжығасына байлады.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Бүгінгі ойын өте керемет өтті. Астана аренадағы атмосфера! Бүгін рекордтық көрсеткіш. 30 019 адам. Бұл бірден-бір белес деп айтуға болады. Бізге сәттілік жетіспеді ең алдымен. ИншАллах Еуропаға шығамыз. Ертең Солтүстік Ирландияны ұтсақ, Финдардың жеріне барып, өздері сияқты ойсырата жеңеміз. Алға Қазақстан!!!
- Атмосфера өте керемет. Қолдау көрсеттік барымызша. Енді осы ойында алмағанымызбен алда әлі ойындар бар. Қазақстанға сәттілік тілейміз, қолдаймыз. Бұйырса келесі ойынға да келеміз. Жеңеміз деп сенемін.
- Бүгінгі ойында жігіттерге кішкене өздеріне деген сенімділік немесе бапкер тарапынан еркіндік жетіспеді деп ойлаймын. Алға Қазақстан!
- Әлі үмітті үзбейміз. Финалға шығамыз.

Осы уақытқа дейін Қазақстан мен Финляндия 6 рет кездескен. Оның бесеуінде финдер басым болса, бір ойын тең аяқталған. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің Н/ аш/ тобындағы кестеде Финляндия 12 ұпаймен көш бастап тұр. Дания мен Словения үздік үштікте. Ал біздің ұлттық құрама 9 ұпаймен төртінші орынға жайғасты. Солтүстік Ирландия мен Сан-Марино көштің соңында келеді. Енді Қазақстан жексінбі күні Солтүстік Ирландиямен шеберлік байқасады.

Атақты қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы карьерасын аяқтауы мүмкін. Ол 16 желтоқсанда Астанада соңғы рет шаршы алаңға шығуға ниетті. Ақпарат көздері дәл осы мақсатпен боксшы Елордаға арнайы келген деп жазуда. Бірақ қарсыласының кім болары әзірге белгісіз. 41 жастағы отандасымыз осыған дейін 45 кездесу өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жеткен. 1 рет тең түсіп, екі мәрте жеңіліс тапқан.

 Әуесқойлар арасында ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы, қазақстандық Бағдат Жұбаныш ертең алты бұрышта айқасады. Қарсыласы бразилиялық Брено Петерсон. Жерлесіміз жеңісіне сенімді. Айта кетейік, отандасымыз өзбекстандық Фируз Мансуровпен төбелесуі керек болған. Бірақ өзбек жауынгері кездесуден бас тартты.

Спорт әлеміндегі соңғы жаңалықтар осындай. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар.