Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда түнгі уақытта саябақта жүрген адамдарды тонаған екі күдікті ұсталды

AstanaTV
09.09.2023ж. 11:19
479
Алматыда түнгі уақытта саябақта жүрген адамдарды тонаған екі күдікті ұсталды

Алматыда түнгі уақытта жігіттерді тонады деген күдікпен екі азамат ұсталды. Олардың бірі бұрын қарақшылық шабуыл және тонау қылмысын жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция мәліметінше, күдіктілер түнгі уақытта саябақта өтіп бара жатқан адамдарға, негізінен жас жігіттерге шабуыл жасап, олардың телефонын тартып алған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция мәліметінше, күдіктілер 27 және 24 жастағы Алматы облысының тұрғындары. Күдіктілердің бірі бұрын қарақшылық шабуыл және тонау қылмысының жасағаны үшін сотталған. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатқанын мәлім етті.